"Растишка" Қазақстандағы атауын халықаралық "Danonino" деп өзгертеді
Danonino йогурттары 2024 жылдың наурыз айынан бастап құлпынай, алма-алмұрт, банан, шабдалы-өрік дәмдерінде сатылады. Наурыз айында қазақстандықтар еліміздің барлық дүкендерінің сөрелерінде жаңа атаумен сүйікті йогуртты көре алады.
Бұл шешім біздің елімізді әлемнің 38 еліндегі 60 миллионнан астам отбасымен біріктірді, олар үшін Danonino – тек танымал бренд қана емес, сонымен қатар 50 жылдан астам уақыт бойы олардың күнделікті өмірінің бір бөлігі болып саналатын сүйікті өнім.
"Біз үшін отбасыдан маңызды ештеңе жоқ. Біз бүкіл әлемдегі ата-аналар балаларының бақытты және сау болғанын қалайтынын білеміз. Жаңа халықаралық атауға көшу, ең бастысы – сүйікті йогурттың дәмі мен пайдалы қасиеттеріне еш әсер етпейді деп сеніммен айтамыз. Біздің өнім сондай сапалы, дәмді және пайдалы! Табиғи ингредиенттерден жасалған, әсіресе 3-6 жастағы балалар үшін кальций мен D дәруменімен байытылған. Danone - сүт өнімдерін шығаратын әлемдегі №1 компания. Оның міндеті – "мүмкіндігінше көп адамға азық-түлік арқылы денсаулық сыйлау". Біз осы маңызды үрдістің бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз және дәл осы Danonino атауы балалардың сау өсуі үшін йогурт өндірісіндегі халықаралық тәжірибені, көп жылдық сараптаманы және Danone тобының стандарттарын жақсы көрсетеді деп сенеміз".Мария Мусева, Қазақстандағы Danone маркетинг жөніндегі директоры
Сурет: Danone компаниясы
Алматыдағы өз зауытында Danonino өндірісінің әрбір кезеңі барлық халықаралық стандарттарды сақтай отырып, қатаң бақылаудан өтеді. Бұл әрбір кесе өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін жасалады.
Danonino йогурттары 2024 жылдың наурыз айынан бастап құлпынай, алма-алмұрт, банан, шабдалы-өрік дәмдерінде сатылады. Танымал "Три кота" мультхикаясының кейіпкерлерімен жарқын дизайн балалардың йогуртпен қызықты танысуына шаттық және қуаныш қосады!
Danonino. Жаңа атау – дәл сондай пайда!
Алдағы жаңалықтарды қадағалаңыз. Жаңа бренд туралы толығырақ ақпарат - барлық танымал БАҚ-та және Instagram парақшасында: @rastishka_danonino