ШҚО тұрғындары термометрдің фотосын жариялады: құрылғы -63 градусты көрсетіп тұр

ШҚО тұрғындары термометрдің фотосын жариялады: құрылғы -63 градусты көрсетіп тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2024 17:44 Сурет: yk-news.kz
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары термометрлері төменгі шектен төмен температураны көрсетіп тұрған фотосын жариялап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, Алтай ауданы Парыгино ауылында термометр -60 градустан төмен көрсетіп тұр.

YK-news.kz атап өткендей, дәл осындай температура Глубоковский ауданы Прогресс ауылында да байқалды.

Бірақ температурасы ең төмен градусты көрсеткен фотоны Глубоковский ауданы Малоубинка ауылының тұрғыны жіберген. Онда термометр минус 63 градусты көрсетіп тұр.

Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

"Қазгидромет" РМК Зырян метеостанциясында минус 47,3 градусты тіркеді. Бұл - өткен түнде Қазақстанда тіркелген ең төменгі температура.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: