Қазақстандықтар 43 елге визасыз саяхаттай алады

Қазақстандықтар 43 елге визасыз саяхаттай алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2024 13:43 Сурет: pixabay
Биыл қазақстандықтар әлемнің 43 еліне визасыз саяхаттай алады. Оның ішінде шенген аймағынан тыс Еуропа және Азия елдері бар.

Беларусь, Доминикан Республикасы, Қырғызстан, Палестина, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты елдерге көк төлқұжатпен-ақ баруға болады.

90 күнге саяхаттауға болатын кейбір елдерге алдын ала тіркеуден өту керек, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал сапарыңызды Оңтүстік Корея мен Шри-Ланкаға жоспарласаңыз, саяхатқа рұқсатты электронды түрде алу керек.

Мұнда 1 айға дейін тұрақтауға болады.

Өзге де визасыз баруға болатын елдердің тізімі экрандағыдай. Сондай-ақ, мамандар саяхатқа шығуды жоспарласаңыз, тізімдегі елдердегі саяси жағдайды анықтап алуға кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: