Майқайың кентіндегі суық су құбырында ақауды жөндеу жұмыстары жалғасуда
Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізіледі. Жекелеген учаскелерде құбырдың айналасындағы топырақты көмір және ағаш шпалдарды жағу арқылы жылытуда.
Қазіргі уақытта 5 учаскеде құбырды жылыту жұмыстары жүргізілуде (жер асты және жер үсті құбырлары). Анықталған ақауды жою бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде барлығы 4,1 шақырымға жуық құбыр жылытылды.
"Майқайың кентіне су төмен қысымда берілуде. Суды тәулігіне орташа тұтыну 250 м3 құрайды. Резервуарларда тұрақты түрде тәулікке жеткілікті су қоры бар. Резервуарды тұрақты түрде толтыру қамтамасыз етілуде. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған." Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты "Богатырь-Көмір" АҚ-на су беру уақытша тоқтатылды. Бұл ретте көмір өндірісі зардап шеккен жоқ, өйткені, оған судың қажет жоқ. Ал, кәсіпорынның шаруашылық қажеттіліктері үшін су жеткізілуде.
Сумен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша жұмыстар орын алған ақау толық жойылғанға дейін үздіксіз жүргізілетін болады.