Елорда маңындағы өртті сөндіруге екі облыстың төтеншеліктері көмекке аттанды
Сурет: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, елордалық өрт сөндірушілерге Ақмола облысының жеке құрамынан 18 адам 5 бірлік техника және Қарағанды облысынан 5 бірлік техника мен жеке құрамнан 25 адам көмекке аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері елорда маңындағы 50 гектар аумақтағы өртті сөндіруді жалғастыруда.
"Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары 18 рет су төкті, бұл - 63 тоннадан астам су. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өртті сөндіруді үйлестіру үшін оқиға орнында жүр". Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Сурет: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Айта кетсек, Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 19 маусымда қураған ағаштың тұтанғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады. Таңғы сағат 9:12-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері оқиға орнына дабыл белгісімен аттанды. Астана маңындағы өрт басына Төтенше жағдай министрінің өзі келіп жеткені де хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript