Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша берілетін төлемдердің көлемі белгілі болды

Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 56,7 млрд теңге төленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2024 11:43 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен шамамен 50,1 млрд теңге жұмсалды.

Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 6,6 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер төленді.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 537,3 мың адамды, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 192,9 мың адамды құрады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған (қаза болған) асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер төленеді. Мәселен, 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 85,7 мың адам еңбекке қабілеттіліктен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемді шамамен 58,7 мың отбасы алды.

Төлемдердің мөлшері жеке болады және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру. Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 7 %-ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-тен төленетін төлемдердің мөлшері де 7 %-ға арттырылды.

Мәселен, биыл жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері:

  • 1-топ үшін 95 496 теңгені,
  • 2-топ үшін – 76 397 теңгені,
  • 3-топ үшін – 52 089 теңгені құрайды.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша МӘСҚ-тен төленетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 57 035 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша 53 898 теңгені құрайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: