Жаңалықтар тізбегі
0

Аққұтан, үйрек және бақтақ: Алматыдағы Сайран көлінде жергілікті фауна қалпына келе бастады

Аққұтан, үйрек және бақтақ: Алматыдағы Сайран көлінде жергілікті фауна қалпына келе бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2024 12:10 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сайран қала тұрғындарының демалысатын және серуендейтін сүйікті орнына айналды. Алматылықтар көлде балықты көрді, ал жағалауда балық аулап тұрған аққұтанды байқады.

Алматы әкімдігінің берген ақпаратына сай, 1971 жылдан бері Алматыда алғаш рет Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Сайран көлі тазартылды.

Аққұтан, үйрек және бақтақ: Алматыдағы Сайран көлінде жергілікті фауна қалпына келе бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2024 12:10

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Бұл жұмыс былтыр тұрғындардың тұнба мен қамыстың шіріген иісіне шағымның көбеюіне байланысты жүргізілді. Көлдің түбінен және жағасынан 140 мың текше метрден астам қоқыс пен лай шығарылды." Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фотограф Дмитрий Доценко аққұтанның көкбас балығын аулап тұрғанын суретке түсіріп алды.

Аққұтан, үйрек және бақтақ: Алматыдағы Сайран көлінде жергілікті фауна қалпына келе бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2024 12:10

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Бұл біздің Алатаудың эндемик балығы. Сондықтан менде өте құнды сурет түсірдім! Ойлап қараңызшы, 2024 жылы екі миллион тұрғыны бар мегаполистің қақ ортасында эндемик нағыз жабайы табиғатты көре аласыз! Бұл ғажап нәрсе, оны қорғау керек", - деді алматылық фотограф өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, биыл Алматы әкімдігі Әуежай көлі мен Қарасу көлін тазартуды жоспарлап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: