Жаңалықтар тізбегі
0

Ербол Қарашөкеев: Шағын қалалардың шырайын арттыру маңызды

Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2024 17:07 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, кәсіпорынның жұмысын көрді. Ол бірнеше мәселеге қатысты жауаптыларға тиісті шараларды қарастыруды, кәсіпорын басшылығына өндірістің тиімділігін, қабілеттігін назарға алуды тапсырды.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев алдымен Қаратау қаласындағы орталық саябақты жөндеу жұмыстарын тексерді. Саябақты абаттандыруға өткен жылы аудандық бюджеттен 16 миллион теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілген. "Кеншілер" монументі орналастырылып, субұрқақ қойылды. Дегенмен тозығы жеткен саябақ толық абаттандыруды қажет етіп отыр.

Облыс әкімі мәселеге қанығып, оның шешу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Қала әкімі Дархан Баймбетов шағын шаһардың даму жоспары туралы баяндама жасады.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аудан және қала әкіміне шағын шаһардың шырайын арттыру, тұрғындардың тұрмысын жақсарту бағытында кешенді шараларды нәтижелі жалғастыруды тапсырды.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қаратау қаласындағы орталық жылыту қазандығында 500 тоннаға жуық мазут қоры бар. Нысан 152 көппәтерлі тұрғын үй мен мемлекеттік мекемелерді, түрлі әлеуметтік және коммерциялық нысандарды жылумен қамтамасыз ете алады.

Мұнда электр желілерін жөндеу, жылу желілерін қалпына келтіру, қазандықтарды ағымдағы жөндеуден өткізу және мазут отын шаруашылық нысандарына жабдықтарды орнату мен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал 2024-2025 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық барысында мазут шаруашылығы мен жеке қазандықты қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындарды қажетті жылытумен тұрақты қамтамасыз етуде ешқандай мәселе болмауы керек екенін ескертті.

"TALAS INVESTMENT COMPANY" серіктестігі жыл сайын 15 мың тонна натрий ционидін өндіруге қауқарлы. Өндіріс қуаттылығын жылына 30 мың тоннаға жеткізу мақсатында кәсіпорынның екінші кезеңінің құрылысы қолға алынған. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, 300 жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарланып отыр.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев осындай ірі кәсіпорындардың іргесінде шағын жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, бұл бойынша берілген тапсырманың орындалуын да сұрады.

Серіктестік басшылығы бес шағын жобаның жоспарланып отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар ол инфрақұрылымға қатысты бірқатар мәселелерді де көтерді.

Жамбыл облысының әкімі аталған мәселеге қатысты жауаптыларға тиісті шараларды қарастыруды тапсырып, кәсіпорын басшылығына өндірістің тиімділігін, бәсекеге қабілеттігін басты назарға алу керек екенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: