1 наурызда елдің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.02.2024 20:11 Сурет: pixabay
Синоптиктер 1 наурызда елдің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: