Таяу Шығыста 112 палестиналық қаза тапты

https://qazaqstan.tv/news/189996/, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2024 11:13 Сурет: wikimedia
Газа қаласында гуманитарлық көмек алу үшін жанталасқан адамдар шабуылға ұшырап, 112 палестиналық қаза тапты.

Жараланғандар 760-қа жетіп отыр. Куәгерлердің сөзінше, жүк машиналарына жүгірген халыққа Израиль жауынгерлері оқ жаудырған, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда Израиль әскерилері бұны жоққа шығарып, танкілердің ескерту жасап, аспанға оқ атқанын мәлімдеп отыр.

Таяу Шығыста жаңа соғыс 7 қазанда хамастықтар Израильдің оңтүстігінде 1200 тұрғынды өлтіріп, жүздеген адамды кепілге алғаннан кейін басталды.

Содан бері Израильдің Газаға жасап жатқан шабуылдарынан мерт болғандар саны бүгін 30 мыңнан асып кетті. Құрбандардың 21 мыңы - балалар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: