Жаңалықтар тізбегі
0

Йеменде көмек алуға келген 78 адам қаза тапты

78 адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 14:33 Сурет: pixabay
Йемен астанасы Санада Рамазан айына көмек ретінде 9 доллар таратылды. Тұрғындар оны алу үшін мектепке жиналғанда, 78 адам аяқ астында тапталып қаза тапты.

Қауіпсіздік күштері елді тәртіпке салу үшін оқ атқан, сол кезде электр сымы зақымданып, жарылыс болды. Қорыққан тұрғындар бір-бірін таптап кетті, деп жазады qazaqstan.tv.

«Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, талай адам жарақат алған. 13 тұрғын хал үстінде жатыр.

Сананы 2015 жылы шиит-хуситтер басып алды. Сол тұста президент Мансур Хади шетелге қашуға мәжбүр болды. Ал, Сауд Арабиясы бастаған араб елдерінің Хади билігін қалпына келтіру әрекеті азаматтық соғысқа ұласып, 150 мыңнан астам адам қаза тапты. Қазір Йеменде 23 миллиондай адам азық-түлікке мұқтаж болып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: