Алматыда Қызыл кітапқа енген аққұтанның өлімі: полиция не дейді
Сурет: instagram/dots_foto
2024 жылғы 25 ақпанда фотограф Дмитрий Доценко Сайран көлінде балық жеп тұрған аққұтандардың таңғажайып фотоларын жүктеді. Бірнеше күннен кейін қазақстандықтарды тағы бір жаңалық таңғалдырды: құстардың біріне оқ тиген. Қалалық полиция оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полициясының баспасөз қызметінің таратқан хабарламада қысқаша былай делінген:
"Алматы полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын, мән-жайы анықталып жатқанын хабарлайды".
Қызыл кітапқа енген құстың атылғаны туралы хабарды жануарлар құқығын қорғаушы Наталья Сульжик Facebook-те хабарлады.
Алайда жануарлар құқығын қорғаушы мен ветеринарлар қанша тырысқанымен, құс тірі қалмады.
Осы оқиғадан кейін Дмитрий Доценко "Енді табиғаттың сұлулығын көрсеткім келмейді" деді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
