Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Путинмен сөйлесті

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2024 14:47 Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Тараптар Ресей президентінің былтыр қараша айында Астанаға жасаған ресми сапары және Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Қазан қаласына жұмыс сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сонымен қатар энергетика, транзит және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды тиімді түрде ілгерілету маңызды екені атап өтілді.

Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: