Ұлытау облысында жылқылар тебіндей алмай қырылып қалды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 14:12 Сурет: Zakon.kz
Ұлытау облысында тебіннің қиындауынан жылқылар қырылуда. Желтоқсан және ақпан айларында ауа райы күрт жылып жаңбыр жауып артынша жайылым жаппай мұз құрсанған.

Салдарынан қылқұйрықты атаулы шөпке жарымай көтерем болуда. Ауыл шаруашылық министрлігі тарапынан жағдайды бақылауға өңірге арнайы шыққан комиссия мүшелері осындай қорытынды жасады.

Берілген мәлімет бойынша, Жаңаарқа мен Қаражал қаласының аралығында 23 бас жылқының өлексесі табылған, деп жазады 

Осы ауданның басқа да төңіректерінде тағы 44 бас қырылғаны анықталған. Бұл малдардың барлығы ешқайда тіркелмегендіктен иелері табылмаған.

Ветеринарлық станцияға тұрғындар тарапынан өтініш түспеген. Ал Ұлытау облысында 2 мың жылқы аштан қырылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Облыста барлығы 84 мыңнан астам жылқы бар. Жергілікті билік тарапынан өлген малдың саны есептеп, тіркеуге алу жұмыстары қолға алынған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: