Қызылорда облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Осы жылдың ақпан айында аудандық полиция бөліміне малдары ұрланған Әйтеке би кентінің тұрғындарынаң арыз түсті. Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларына кірісіп, арам пиғылдарын жүзеге асырған ұрыларды анықтады.
Тексеру барысында олардың 9 түйені далалық жерде жайылып жүрген жерінен атып, сойып алып кеткендігі белгілі болды. 24-30 жастағы қылмыстық топтың мүшелері ұсталып, бөлімнің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сурет: polisia.kz
Айғақ зат ретінде аңшы мылтығы мен оның патрондары, пышақтар, мал терісі алынды.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктілердің облыс аумағындағы басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.
Оқи отырыңыз