БҰҰ: Газада балалар аштықтан өліп жатыр

БҰҰ: Газада балалар аштықтан өліп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2024 10:28 Сурет: wikimedia
Газа секторының солтүстігінде балалар аштықтан өліп жатыр. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Оның дерегінше, Камал Адуан госпиталінде жексенбі күні 15 бала дұрыс тамақтанбау салдарынан жан тәсілім еткен.

Айта кетсек, бұл палестиналық анклавты Израиль армиясы қазанның 7-де Хамастың шабуылынан кейін бомбалай бастады.

Содан бері Газа азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауыз су, отын және энергия тапшылығынан зардап шегіп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар, соғыстан 30 жарым мың адам қаза тапты. Құрбандардың көбі - әйелдер мен балалар.

Қарулы қақтығыстар кесірінен қазір Газаның теріскейінде шамамен 300 мыңдай адам ашаршылыққа ұшырап жатыр.

"Мен дәрігер Ахмад Салеммін. Камал Адуан ауруханасының жансақтау бөлімінде жұмыс істеймін. Балаларды көп қабылдап жатырмыз. Аз уақыттың ішінде 13 жеткіншектің дұрыс тамақтанбаудан өлгеніне куә болдық. Әрине олардың аналары да аштыққа ұшырап жатыр." Ахмад Салем, "Камал Адуан" ауруханасының жан сақтау бөлімінің дәрігері
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: