Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қыз-келіншектердің жалақысы ер адамдарға қарағанда төмен - БАҚ

Әйелдер, жалақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2024 21:24 Сурет: pixabay
Әрбір үшінші тұрғын мамандықтарды ұлдың немесе қыздың жұмысы деп бөледі. Бұл елімізде гендерлік саясаттың әлі де қалыпқа келмегенін көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гендерлік теңдік рейтингінде Қазақстан 65-орында тұр. Әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда 48 процентке төмен. Басшылық қызметтегі азаматтар ондағы қыз-келіншектерден көп еңбекақы алады, деп хабарлайды Astana.tv.

"Сауалнамаға қатысқан ерлердің 80 проценті елімізде әйелдердің құқығы толық қорғалған деп санайды. Сондықтан әрі қарай жұмыс істеудің қажеті жоқ деп санайды. Бірақ біз бұл пікірмен келіспейміз. Статистикаға қарасақ, бізде ерлермен бірден жұмыс істесе де олардан аз алатын қыздар бар". БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрқаты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов

Елімізде әрбір үшінші ата-ана баласын ұрып тәрбиелейді. Тұрғындардың көбі таяқпен берілген тәлімнің жаманы жоқ деп санайды. Бірақ статистика мәз емес. Зорлық-зомбылық бойынша Қазақстан 169 елдің ішінде 25-орында. Ал, ТМД мемлекеттері арасында көш бастайды. Әсіресе харрасментке ұшырағандардың дені Шымкент қаласында тұрады.

"Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі туралы заң жобасы 5 бағытты қамтиды. Бірінші бағыт – барлық зорлық-зомбылыққа, құқықбұзушылық, тәртіпбұзушылықтарға жауапкершілікті күшейту. Мемлекет басшысы 2020 жылдан бастап барлық бағдарламасында қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты жазаны күшейтуге қатысты тапсырмалар берді". Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: