Жаңалықтар тізбегі
0

"Шымкентте күн ысиды". 8 наурызда еліміздің үш басты қаласында ауа райы қалай болады

Ауа райы болжамы, 8 наурыз, Алматы, Астана, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 22:19 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары 8-10 наурыз аралығында Қазақстанның үш мегаполисі: Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

8 наурыз: аспан бұлтты, күн райы құбылмалы, түнде аздап қар жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -15-17°С, күндіз: -4-6°С.

9 наурыз: аспан бұлтты, күн райы құбылмалы, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -10-12°С, күндіз: 0°С.

10 наурыз: аспан бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -4-6°С, күндіз: 0-2°С.

Алматы

8 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: 0-2°С, күндіз: +8+ 10°С.

9 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0+2°С, күндіз: +11+13°С.

10 наурыз: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Желдің екпіні - 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде: +2+ 4°С, күндіз: +10+ 12°С.

Шымкент

8 наурыз: аспан бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +4+6°С, күндіз: +18+20°С.

9 наурыз: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с, тіпті аракідік 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде: +5+7°С, күндіз: +10+12°С.

10 наурыз: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауады. Солтүстік-батысқа ойыса оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +5+7°С, күндіз: +9+11°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: