Елімізде қыз-келіншектері аз, керісінше ер-азаматтары көп ауылдың аты белгілі болды

Ауыл, қыз-келіншектер аз тұратын ауыл, статистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 22:53 Сурет: pixabay
Data Hub powered by FCBK деректері бойынша, Қазақстандағы әйелдер саны халықтың 51,2% құрайды. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аталған сараптамалық орталық өзінің Telegram-дағы арнасында қызықты цифрлармен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Data Hub powered by FCBK мәліметінше, әйелдердің ең көп үлесі тиесілі елдімекен - Абай облысындағы Шүлбі кенті. Онда әйелдердің үлесі жалпы халықтың 56,3% құрайды.

Ал әйелі ең аз елдімекен Ұлытау қаласының маңындағы Жезқазған ауылы болып табылады. Ондағы нәзік жандылар саны бүкіл халықтың төрттен бір бөлігін құрайды (25%).

Айта кетсек, алдында Ұлттық статистика бюросының мәліметі жарияланған болатын. Онда бүгіндері Қазақстанда қанша әйел тұратыны атап көрсетілген. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: