Жаңалықтар тізбегі
0

Астана мен тағы үш қалада ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Ауа райы болжамы, ауа сапасы, Астана, Алматы, Ақтөбе, Орал, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2024 09:19 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Сенбі, 9 наурызда синоптиктер елордада және Қазақстанның тағы үш қаласында ауа сапасының нашарлайтынын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Мамандар Ақтөбе, Алматы, Орал және түнде Астанада қолайсыз метеожағдайлар болатынын болжайды. 

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ пайда болған кезде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз ауа райы жағдайында мыналарға кеңес беріледі:

  • ашық ауада, әсіресе тас жол немесе басқа ластану көздерінің бойында болу уақытын қысқартыңыз;
  • балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады;
  • өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде дәрі-дәрмектерді өздерімен бірге алып жүруі керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жабық спорт кешендерінде жүргізіледі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: