Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлытау облысында 25 елдімекенді су басу қаупі бар

Су тасқыны, Ұлытау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2024 17:28 Сурет: Zakon.kz
Ұлытау облысында 25 елдімекенді су басу қаупі бар. Көбісі Жаңаарқа ауданына қарасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл өңірге қар қалың түсті. Облыстың солтүстік бөлігінде қатқан жер тоңының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Қазір өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, арық-атыздарды тазалап, қажетті инертті материалдар мен техникалық құралдардың қорын жасақтап жатыр, деп хабарлайды 24kz.

"Бүгінгі таңда 270 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда. Сонымен қатар жол ұйымдарының қызметкерлерімен 600-ге жуық су өткізу құбырлары және көпірлер тазаланды. Негізгі қауіп 15-наурыздан бастап күндіз де, түнде де ауа температурасының жылынуы күтілуде. Бізде қазір дайын штаб құрамы бар. Қажет болған  жағдайда, қауіп төнген жағдайда сол штаб құрылып, дереу іс-шаралар қабылданады".Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы Әлібек Әбілов

Айта кетсек, бүгін елордада қар тазалау жұмысына күндізгі уақытта 2,2 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: