Жаңалықтар тізбегі
0

Шлемнен табылған саусақ ізі аса ауыр қылмыстың түйінін тарқатты

Шлемнен табылған саусақ ізі аса ауыр қылмыстың түйінін тарқатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2024 13:29 Сурет: ҚР ІІМ
2023 жылы тамыз айында Түркістан облысының аумағында дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды оқиға болды. Қылмыстық топ мүшелері екі адамды асқан қатыгездікпен атып өлтірген. Үйінің ауласында демалып отырған жандарға бетперде киген екеу мотоциклмен келіп оқ жаудырған.

Салдарынан ағалы-інілі екі кісі оқиға орнында жан тапсырып, тағы екі адам жарақат алды. Осы дерек бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің тәуліктік жедел-тергеу тобы қылмыс орнын тексеріп, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде үйден шамамен үш шақырым жерде жырада тығылған қару-жарақ пен мотоциклді тапты, деп жазады polisia.kz.

Жедел-тергеу тобы құрамында кезекшілікке түскен ПД жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Шыңғыс Сарсеков заттай дәлелдемеден, яғни, шлемнен қол саусағы іздерін алады. Автоматтандырылған дактилоскопиялық сәйкестендіру жүйесіне енгізіп, қылмыскердің қол саусақ іздерімен сәйкестікті анықтайды.

Криминалистің кәсіби шеберлігі мен жоғары біліктілігінің арқасында екі адамды өлтіру фактісі тәулік ішінде ашылды. Күдікті ішкі істер органдарына жеткізіліп, тергеп-тексеру барысында қылмыстық топтың тағы бес мүшесі құрықталды.

Анықталғандай, қара ниеттілер мотоциклмен шабуылдаған кезде қолдарына қолғап киіп жүрген. Полиция капитанының мұқияттылығымен табылған шлемдегі іздің жалғыз негізгі айғақ болғаны белгілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: