Жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті

Жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2024 09:42 Сурет: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жұмабай Шаштайұлы 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Жұмабай Шаштайұлы - ҚР Президентінің стипендиаты, Халықарарық Жамбыл және "Алаш" сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанған.

Ол "Коммунизм жолы", "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан", "Жас Алаш" газеттерінде, "Жалын" журналында еңбек етті. Халықаралық "Заман-Қазақстан" газетінің және "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, сондай-ақ Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды.

Жазушының "Қызын қар", "Жала мен нала", "Жыр жолбарыс", "Біздің заманның Аяз биі", "Жаңғырық" атты жинақтары мен романдары оқырманның жүрегінен орын тапты .

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өз заманының қарымды қаламгері Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: