Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде тазыларға құжат берілді

Ақтөбеде тазыларға құжат берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2024 10:15 Сурет: wikimedia
Ақтөбеде қазақы тазылардың көрмесі өтті. Таза қанды иттерді анықтау үшін Астана, Алматы қалаларынан сарапшылар шақырылған. Былтыр мемлекет басшысының өзі тазы мен төбетті қорғау мәселесін қолға алуды тапсырған болатын.

Бұл шара сол тапсырманы орындау аясында ұйымдастырылып отыр. Мамандар әр саққұлақтың дене тұрқын, шашағын, сирақтарын, тіпті, тырнақтарына дейін өлшеп, баға береді.

Ақтөбе - ел бойынша тазы саны көп аймақтың бірі. Тек бүгінгі көрменің өзіне 100-ге жуық ит асыраушы келген. Бүгін барлық талапқа сай келгендері арнайы құжатқа ие болды, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл құжат тазылардың Халықаралық кинология федерациясының тіркеу кітабына енеді. Сол арқылы шет елдерде өтетін иттер көрмесіне қатысуға мүмкіндік алады.

"Тазы жанашырлары бар, қалада тұрады. Бағу қиын қалалық жерде. Арнайы орын ашылса, ол жерде селекциялық жұмыстар жасалар еді. Содан кейін неше түрлі жұмыстар жасап, тазыны дамуына үлкен қолдау болатын еді." Жасұлан Жақсылықов, облыстық "Құмай тазы" федерациясының вице-президенті
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: