Қытайда жарылыстан 22 адам жараланды

Қытайда жарылыстан 22 адам жараланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2024 13:37 Сурет: pixabay
Бүгін Қытайдың солтүстігіндегі Хэбей провинциясының Санхэ уезіндегі ресторанда жойқын жарылыс болды.

Бұл сәт бақылау камерасына түсіп қалған.

Соңғы мәліметке қарағанда, 1 адам қаза тауып, 22-сі жараланды. Кейбір болжамдарға сүйенсек, жарылысқа газдың тарауы түрткі болса керек. Дегенмен нақты себебі анықталған жоқ.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қираған мейрамханаға құтқарушылар мен тергеушілер тобы жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: