Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы зообағы жаңа туған екі қонжықты көрсетті

қонжық, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2024 19:05 Сурет: видео скрині
Алматыдағы зообақта Тянь-Шань ақ тырнақты аюлары – Герда мен Құрманбектің екі жаңа төлі өмірге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зообақтың хабарлауынша, 2023 жылғы 29 желтоқсанда туған қонжықтардың жағдайы жақсы. Кішкентай аюлардың енесі – Герданың да денсаулығы жақсы. Ол осымен үшінші рет өмірге төл әкеліп отыр.

"Герда бұған дейін 2017 және 2021 жылы төлдеп, баршамызды қуантқан болатын. Ол кезде оларға біздің парақшамызға жазылған өздеріңіз ат қойған болатынсыздар. Жаңа туған қонжықтар әзірге анасының қасында". Алматы зообағы

Зообақ қонжықтардың жынысын анықтағаннан кейін оларға ат қоюға байқау жариялайды.

"Қонжықтар жарты жылға дейін анасының сүтін емеді.Қазір Гердаға лайықты мөлшерде азық берілуде. Оның сүйікті қорегінің ішінде – жеміс-жидек, ет, балық, ботқа, нан, жарма, түрлі витаминдер бар.Қазіргі уақытта Герда қонжықтарымен бірге өзінің апан-үйшігінде. Ол кішкентай аюларды қызметкерлерге де көрсеткісі келмей, бауырына басуда", - делінген хабарламада.

Күн жылына бастағанда және қонжықтар кішкене өсіп-жетілгенде Герда оларды даладағы қоршауға шығарады.

"Осының алдында туған қонджықтарға қандай ат қойғандарыңыз естеріңізде ме? Парақшамыздың өткен кезеңдегі жазбаларын қарап шығуға болады. Оларға Ник, Нельсон (2017) және Кенай, Кода деп ат қойғанбыз(2021)", - деп жазды зообақ Instagram-дағы парақшасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: