Жаңалықтар тізбегі
0

Зейнеткердің 100 млн теңгесін жымқырған ұрыларды криминалист қораптағы аяқ іздері арқылы тапты

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2024 20:18 Сурет: polisia.kz
2023 жылғы маусымда петропавлдық зейнеткердің үйіне суға арналған "Аквафор" сүзгісі құрылғысын тиімді жеңілдікпен орнатуды ұсынып екі жас жігіт барған.

Жас жігіттер уәде еткен жұмысты орындап, еш күдік тудырмаған. Зейнеткер көрші бөлмеден ақша алып шығып, құрылғы үшін төлем жасаған. Осы сәтте жігіттердің бірі ақша жасырылған жерді байқап қалған. Олар зейнеткерді алдамақ болып, "спектакль" қойған. Олардың біреуі әжейді сөзге айналдырса, екіншісі көрші бөлмеге өтіп, 100 млн теңге қаражатты жымқырған.

Ал әйел ақшаның қолды болғанын да сезбей қалған. Ақшаның ұрланғаны туралы бірнеше күн өткеннен кейін білген.

Петропавл полиция басқармасының аға криминалисі Ербол Мусин пәтерді мұқият қарап шығып, сүзгі құрылғысының қорабынан күдіктілердің ізін тапқан.

Олар Қостанай облысының тумасы болып шықты және біреуінің Петропавлда тұрақты тұратыны белгілі болды.

Күдіктілер ұсталып, ақшаның бір бөлігі әйелге қайтарылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: