Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мейрамымен құттықтады
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!" – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.
Сондай-ақ ол: "Жаңа жыл баршаға бақыт пен береке әкелсін!" деп қосты.
2024 жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев 2024 жылдан бастап Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланатынын мәлімдеді.
"Мереке 10 күн – 14-23 наурыз аралығында өтеді, бұл кезең Наурызнама деп аталады.Бірыңғай логотип бекітіліп, барлық облыстарға жіберілді", - деді Барлыбаев.
Қызғалдақтың неліктен Наурыздың басты символына айналғаны да белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

