Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда автобустар жаңарды

Алматыда автобустар жаңарды және 126 бағыттағы интервал қысқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 11:22 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 14 наурыздан бастап №126 бағытта "Қайырбеков/Жібек жолы – Диспетчерлік пункт" бойыгша жүретін автобустар жаңартылып, жылжымалы бірліктер саны артты.

Мәселен, жүйелілікті қамтамасыз ету және жоспарланған интервалды 20 минуттан 6 минутқа дейін қысқарту мақсатында қалалық мобильділік басқармасы 8 автобустың орнына 25 автобус шығару туралы шешім қабылдады.

Golden Dragon маркалы 12 метрлік жаңа автобустар заманауи құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде кондиционер, бейнебақылау жүйелері және телефондарды зарядтауға арналған USB қосқышта бар. Сонымен қатар, салон алдағы және келесі аялдамаларды көрсететін ақпараттық дисплеймен жабдықталған.

Бұл ретте босатылған автобустар басқа бағыттарды күшейтуге және "АлматыЭлектроТранс" автопаркінің резервтік құрамына жіберіледі.

Еске салсақ, өткен жылы мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алып, 22 жаңа бағытты, оның ішінде 10 қала маңындағы бағытты ұйымдастырып, 50-ге жуық елді мекенді көлікпен қамтыған еді. Биыл тағы 600 автобус, 100 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алу жоспарлануда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: