Астанада кейбір маршруттарда қосымша автобустар жүретін болды

Общественный транспорт в Астане, автобусы в Астане, автобусы Астаны, общественный транспорт Астаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 11:32 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 27 қаңтарда Астана тұрғындарына бірнеше бағытта автобустар саны артқаны хабарланды, деп жазады Zakon.kz.

City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметіне сәйкес, қалалық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында төрт қалалық және үш экспресс-маршрутқа қосымша автобустар енгізілді:

  • №20 маршрут – 19 автобус (бұрын 17)
  • №60 маршрут – 18 автобус (бұрын 16)
  • №63 маршрут – 19 автобус (бұрын 17)
  • №78 маршрут – 10 автобус (бұрын 8)
  • №501 маршрут – 10 автобус (бұрын 8)
  • №502 маршрут – 10 автобус (бұрын 8)
  • №505 маршрут – 10 автобус (бұрын 8)

Сонымен қатар, демалыс күндері №63 маршрутқа төрт қосымша автобус қосылып, жалпы 14 автобус қызмет көрсететін болады.

Айта кетейік, 2026 жылғы 24 қаңтарда астаналықтарға үш жаңа маршрут іске қосылғаны туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: