Кейбір курорттар туристер ағынын көтере алмай отыр – Туризм және спорт министрлігі шешім ұсынды
Фото: пресс-служба акимата Алматы
2026 жылғы 27 қаңтарда Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкімет отырысында кейбір курорттық аймақтарда туристердің көп екенін хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, осы аймақтарда жол кептелістері бірнеше сағатқа созылып жатады.
"Кейбір курорттар артып келе жатқан туристік ағынға төтеп бере алмай отыр. Маусым шыңында Бурабай курорттық аймағында кептеліс орын алады, ал Балқашқа қарай жолдарда жол бойындағы сервистік нысандар жетіспейді, жанармай қоры аз, АЗС-терде сағаттық кезектер пайда болады", – деді Мырзабосынов.
Ол сондай-ақ, курорттық аймақтардың көбінде тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны жоқ екенін айтты.
"Барлық аталған мәселелерді шешу үшін басым туристік аймақтардағы инфрақұрылымдық жобаларды елдік және стратегиялық маңызды жобалар деңгейінде қарастыру ұсынылады. Басым туристік аймақтардың анықталуына қатысты түзетулер Сенатта қаралуда. Ұлттық экономика министрлігіне өз ережелерін өзгерту бойынша тапсырма беру қажет", – деп қосымша мәлімдеді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін министр кейбір туристік нысандардағы сумен жабдықтау және канализация мәселелерін атап өткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript