Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлытау облысында Наурыз жаңаша атап өтілмек

Ұлытау облысында Наурыз жаңаша атап өтілмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 12:22 Сурет: Zakon.kz
Ұлытау облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта атап өтілмек. Бұл туралы Ұлытау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыста 14-23 наурыз аралығында "Наурызнама" онкүндігі жарияланып, облыс, аудан, қала деңгейінде бірқатар мәдени-танымдық, спорттық-көпшілік және қайырымдылық іс-шаралары өтеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифингіде Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Мұхан мен мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Түгелбаева онкүндіктің жоспарын таныстырды.

Ұлытау облысында Наурыз жаңаша атап өтілмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 12:22

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Наурыз мерекесін атап өту жөніндегі жаңа тұжырымдамаға сәйкес облыстық деңгейдегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Оған 80-ге жуық іс-шара еніп отыр. Олардың арасында салт-дәстүр мен ұлттық ғұрыптарымызды насихаттауға бағытталған рухани кештер, интеллектуалды сайыстар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға арналған қайырымдылық шаралары енді", - деді қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Мұхан.

Спикердің айтуынша, онкүндік аясында облыста жаңа бизнес нысандарының ашылуы, кезекте тұрған азаматтарға пәтерлер табыстау, меценаттарға құрмет көрсету, сұлулық байқаулары жоспарланып отыр.

21-22 наурызда мерекенің негізгі іс-шаралары өтеді.

"Облыс орталығындағы Алаш алаңында көш керуенімен басталатын Наурыз салтанаты эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концертке ұласады. Мерекелік бағдарлама аясында "Қазағымның киіз үйі", "Қазағымның дәстүрлері-ай" конкурстары, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді", - деді мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Түгелбаева.
Ұлытау облысында Наурыз жаңаша атап өтілмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 12:22

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мерекелік іс-шаралар облыс аудандарының шалғай ауылдарында да ұйымдастырылып, мейрам тек мәдени-көпшілік қана емес қайырымдылық сипат алады.

Ал, 23 наурызда жалпы облыс аумағында "Тазалық эстафетасы" экологиялық акциясы өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: