Үздіксіз қар жауып, көктайғақ болады: 15 наурызға арналған ауа райы болжамы
Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады, ал Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын болады деп күтіледі.
"Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсу, желдің күшеюі, елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстік, орталық өңірде көктайғақ болады, батыс өңірде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК
Сондай-ақ, синоптиктер елордада мен еліміздің екі ірі мегаполисінде ауа райы қандай болатынын айтты:
Астанада - аспан бұлтты, түнде де күндіз де қар жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -9-11°С, күндіз: -5-7°С;
Алматыда - аспан бұлтты , түнде және таңертең қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -6-8°С, күндіз: 0+2°С;
Шымкентте - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні- 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -8-10°С, күндіз: +7+ 9°С.