Еліміздің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады: 2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 2 наурыз, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2024 19:37 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары көктемнің екінші күні – 2024 жылдың 2 наурызында ел халқын қандай ауа райы күтіп тұрғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек елдің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі салдарынан қар жауып, бұрқасын жүреді, желдің күшейеді деп күтіледі, республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады", - дейді "Қазгидромет" РМК мамандары.

Сондай-ақ, синоптиктер Қазақстан бойынша тұман жиі байқалатынын, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады деп күтілетінін атап өтті.

Бұған дейін "Қазгидромет" мамандары 2024 жылдың 2-4 наурызына арналған Қазақстан және еліміздің үш ірі мегаполисі бойынша ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: