Алматыда полицейлер коммуналдық қызметтерге қаланы қардан тазалауға көмектесіп жатыр

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2024 09:39 Сурет: ҚР ІІМ
Қалың жауған қарды тазалау кезінде патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальонның 25 экипажы қар тазалау техникасына жол бастап жүрді.

Мақсат – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын азайту және азаматтарға қауіпсіз жағдай жасау.

"Сонымен қатар қаланың негізгі магистральдарында кешкі уақытта қозғалыс қолмен реттеу арқылы қамтамасыз етілді. Соңғы тәулікте қалада барлығы 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қаза тапқандар жоқ. Толассыз жауған қар қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатқаны анық: кептеліс пайда болып, көліктердің жолда жүруі қиындады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, көбінесе бұл құбылыстар жол қозғалысына қатысушылардың нашар тәртібінен туындайды: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар, қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрмет көрсетпейді, жаяу жүргіншілер дұрыс емес жерден жолдан өтеді. Осы факторлар жалпы жол жағдайына кері әсер етеді", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады. Сондай-ақ полицияда жолдың қателікті кешірмейтінін еске салды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: