Алматыда полицейлер төленбеген айыппұлдары бар жүргізушілерді жаппай ұстап жатыр
Сурет: Zakon.kz
Жыл басынан бері жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімшелері патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальон қызметкерлерінің көмегімен 200-ге жуық көлік тоқтатылып, мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі Алматы полициясы қауіпті жүргізушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмысты жалғастыруда. Оның ішінде мынандай құқықбұзушылықтарға бас мән берілуде:
- жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын,
- көліктеріне арнайы сигнал беру құралдарын орнататын,
- көлікті мас күйінде басқаратын
- төленбеген айыппұлдары бар.
Алматы полициясы бұдан бөлек мынандай ескертулермен бөлісті:
- қылмысқа "мүлдем төзбеушілік" қағидаттарын,
- құқықбұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын,
- әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеу қажеттігін еске салып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
"Салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде анықтайтын автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері кеңінен қолданылады. Жыл басынан бері жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімшелері патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальон қызметкерлерінің көмегімен 200-ге жуық көлік тоқтатылып, мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Бұл көліктердің жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалпы соммасы 125 миллион 940 мың теңге көлемінде айыппұлдары бар", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript