Қазақстанда тіркелген көлік саны қанша

Көлік саны, Қазақстан, статистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2024 19:53 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар айында 146,4 мың автокөлік есепке қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 млн 348 мың 900-ді құрады.

Олардың ішінде:

  • 88,1% – жеңіл автомобильдер
  • 9,8% - жүк көліктері
  • 2,1% – автобустар.

Ең көп автокөлік Алматыда – 619 763 бірлік, Алматы облысында - 585 913 бірлік және Астанада - 387 145 бірлік тіркелді.

Бұл ретте тіркелген жеңіл автомобильдердің 288 842-сі - зауыттан шыққан уақыттан үш жылдан аспағандар, 561 818-і – 3 жылдан 7 жылға дейін, 615 974-і - 7 жылдан 10 жылға дейін, 1 108 930-ы – 10 жылдан 20 жылға дейін жүрілгендер, 2 130 017-сі   – 20 жылдан асқан ескі көліктер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: