Қазақстан қалаларында дауыс беруші ресейлік азаматтардың ұзын-сонар кезегі тіркелді

Ұзын-сонар кезек, Ресей азаматтары, Алматы, дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2024 17:54 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда ресейлік азаматтар Ресей Федерациясының президенті сайлауына қатысып, дауыс беріп жатыр. Осыған байланысты Астанадағы Орыс үйінде және Алматыдағы РФ Бас консулдығының жанында топтасқан адамдардың ұзын-сонар кезегі байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүздеген адамнан тұратын кезек бірнеше ондаған метрге созылады. Ресей Федерациясы азаматтарының жиналуы Астанадағы сайлау учаскесі ашылғаннан бастап байқалды.

Сурет: Zakon.kz

Сонымен қатар Zakon.kz тілшісі Алматыдағы РФ Бас консулдығы алдындағы ұзын-сонар кезекті суретке түсіріп алды. Есеп бойынша, шамамен ол маңда сол кезде мыңнан астам адам болған.

Сурет: Zakon.kz

Ресей Федерациясының азаматтары үшін дауыс беру орындары Астанадағы елшілікте, Алматы, Орал және Өскемендегі консулдық округтерде ашылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: