Алматыда заманауи қамшылардың тұсаукесері өтті

Алматыда заманауи қамшылардың тұсаукесері өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 11:29 Сурет: wikimedia
Қазақтың қамшысы жаңғырды. Алматыда заманауи қамшылардың тұсаукесері өтті. Оның ішінде балаларға арналған "Білге" қамшысы бар.

Қамшыда қазақтың ән күйлері, жаңылтпаш, мақал-мәтелдері топтастырылған. Бала қамшымен ойнап әрі түркі жұртына ортақ құралдың тарихын біліп өседі, - дейді ұйымдастырушылар.

Smart қамшыларға елімізге белгілі өнер адамдарының әндері де енгізілген.

Шара аясында Болат Бопайұлының "Адамзат рухы-қамшы" атты кітабы көпшілікке таныстырылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Туындыда жетпістен аса қамшының атауы мен қолдану әдебі туралы мәліметтер берілген.

"Артымыздан еріп, өсіп-өніп жатқан ұрпақтарымызға ұлттық рухын ояту, ұлттық идеология қалыптастыру, енді абстракт ұғымда қалыптаспайды ғой, нақты затты брендке айналдырып, қамшының қасиетін ұрпаққа таныту үшін осы кітап жасалды." Болат Бопайұлы, жазушы-этнограф
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: