Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде тағы бір жолды су шайып кетті

Ақтөбеде тағы бір жолды су шайып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2024 10:11 Сурет: pixabay
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ұлпан ауылы маңында жолды су шайды. Мұнда құм толы 300 қап төселгенімен суды толық тоқтату мүмкін болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шалқар ауданы әкімдігінің ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, республикалық маңызы бар Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз автомобиль жолының 232 шақырымындағы Ұлпан ауылының тұсында қауіп күшейіп, жол жиегін бекіту жұмысы жүргізілді. Күні бұрын қапқа құм салып, төселді. Алайда қар тез еріп, жолды шайды, деп жазады Almaty.tv.


"Оқиға орнына Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Ринат Сатаев арнайы барды. Жағдай аудан басшының тікелей бақылауында. Аталған аумақта құзырлы мекеме тарапынан 300 қап құм төселенген. Алайда еріген қар суының деңгейінің өсуі салдарынан жолды су шаю жағдайы тіркелді", - деп хабарлады Шалқар ауданының әкімдігі.

Бұл аумақта №7 өрт сөндіру бөлімінен 4 адам, аудандық ТЖБ 1 адам мен 1 техника, "Энергосистема" ЖШС Шалқар бөлімшесінен 4 адам және 1 техника, "Қазсервис" ЖШС-нен 12 адам мен 4 техника, жеке кәсіпкерлерден 4 адам мен 4 техника жұмылдырылдылған. Сонымен бірге теміржолшылар да көмекке барды. Қазіргі кезде су тасқынының салдарын жою жұмысы жүргізіліп жатыр. Шалқар ауданы әкімдігі аталған бағыттағы жолға шықпауды сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: