Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде екі мыңға жуық бала бір мезетте танымал күйлерді орындады

Күй орындау, екі мыңға жуық бала, күй күмбірі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2024 22:20 Сурет: gov.kz
Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында "Күй күмбірі" республикалық челленджі өтті. Бір уақытта екі миллионға жуық бала Құрманғазының "Балбырауын", "Адай", "Сарыарқа" күйлерін орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанадағы Райымбек батыр атындағы № 50 "Қазғарыш" мектеп-лицейі оқушыларының қатарына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қосылды.

"Көнеден келе жатқан бұл ұлттық аспабымыз халқымыздың жанын, оның дәстүрі мен мәдениетін бейнелейді. Ұлттың рухын көтеріп, даңқын асқақтатқан домбыра біздің баға жетпес байлығымыз бен ұлттық символымызға айналды. Біздің оқушыларымыз, олармен бірге балабақшалардың кішкентай тәрбиеленушілері, колледж студенттері ұлттық аспапта ойнауға қызығушылық танытатыны қуантады. Бүгінде еліміздің әр өңірінде бір мезетте күйлер мен танымал композиторлардың шығармалары шырқалды. Олардың туындылары арқылы біздің мәдени құндылықтарымыз ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Біздің өскелең ұрпақ осы киелі өнерді ұлықтауды лайықты түрде жалғастырады деп сенемін", - деді Ғани Бейсембаев.


Челлендж соңында министр мектептің 300 оқушысымен бірге халық күйін орындады. Мерекелік эстафетаға екі миллионға жуық қазақстандық бала қосылды. Ең кішкентайлары - Абай облысы, Семей қаласындағы "Бақыт" балабақшасының тәрбиеленушілері.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: