Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афиныға барды

Головкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2024 16:38 Сурет: olympic.kz
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афиныға (Грекия) ұшып барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰОК басшысы Грекия астанасына Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен келген. Геннадий Головкин Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өтетін Грекия-Қазақстан матчын тамашалайды.

Ол құрама үшін маңызды матчта футболшыларға трибунадан қолдау көрсетпек.

Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жалғастыруда. Қазақстандық футболшылар Грекияны жеңуге тиіс.

Бұл плей-офф финалында ойнауға мүмкіндік береді. Еуроға жолдаманы жеңімпаз команда иеленеді. Грекияға қарсы матч бүгін Астана уақытымен 00:45-те басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: