Абай облысының тұрғындары жазушы Медеу Сәрсекені ақтық сапарға шығарып салды
Оның әдебиеттегі алғашқы қадамы 1955 жылы басталып, 1959-1965 жылдары қазақ тілінде бірқатар ғылыми-фантастикалық повестер мен эсселері жарық көрді. "Жетінші толқын" шығармасы бірнеше рет 100 мың данамен қайта басылып, КСРО-да кеңінен танымал болды. Осы басылымдардың арқасында жазушы КСРО Жазушылар одағына қабылданды (1962). Қазақ әдебиеті тарихында Медеу Сәрсекеге дейін ғылыми-фантастикалық жанрдағы жазушы болмаған, сондықтан сыншылардан "Қазақ фантастикасының пионері" атағын алды.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Медеу Сәрсеке жас сахнагерлердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеген тәлімгер, әрі ұстаз болды. Оның қазақ ғылыми-фантастикалық әдебиетінің дамуына қосқан үлесі мәңгі есте қалады.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Медеу Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Абыралы ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. Жазушының қазақ тілінде 43-тен астам, орыс тілінде 20-дан астам басылымы жарық көрген.
Жазушы, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері, "Абай облысының Құрметті азаматы".