Семейде Наурыз мейрамына орай "Наурыз керуені" ұйымдастырылды

Семей, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2024 12:46 Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін СемейдеӘз Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған "Төрлет Әз-Наурыз" іс-шарасы өтіп жатыр. Мерекелік бағдарламаны Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары тамашалап жатыр.

"Табиғат ананың оянуы" деп аталатын күндізгі мерекелік бағдарлама өз жалғасын табуда. Биыл Наурыз мейрамында ерекше көзге түскен "Наурыз керуені" шеруі болды. Мерекелік шеруде түйе, оннан астам жылқы, жеті қазынаның бірі саналатын қыран бүркіт, құмай тазы және ұлттық киім киген 100-ден астам адам керуенге қатысты.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Орталық алаңдағы концертті тамашалауға 8000-нан астам жиналды. Әр киіз үйде еліміздегі тарихи тұлғалардың мерейтойларына құрылған импровизацияланған көрмелер ұйымдастырылған. Сондай-ақ, әр ауылда қазақ ұлтының салт-дәстүрінен қойылымдар көрсетіліп, сайыстар өтіп жатыр.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, бүгін наурыз мейрамы күні бойы жалғасады. Кешкі сағат 19:00-де орталық алаңда  отандық эстрада жұлдыздары Turar, Sadraddin, Алатау серілері қатысуымен ашық аспан астында Open Air форматында ашық аспан астында концерт өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: