Мерекеден кейін доллар арзандады

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 16:27 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,08 теңгеге төмендеп, 450,07 теңгеге жеткенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,20 теңгені (-0,34) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 489,13 теңге, рубльді 4,87 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 450,9-452,9 теңгеге, еуро 488-492 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,87 теңгеге сатылуда.

Ал 26 наурыздағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,08%-ға арзандап, барреліне $86,01 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,06%-ға төмендеп, барреліне 81,90 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: