4 сәуірдегі саудада доллар арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,42 теңгеге төмендеп, 446,49 теңгеге жеткенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытайдағы мерекеге байланысты юаньмен сауда болған жоқ.
Ұлттық банк еуро бағамын 481,55 теңге, рубльді 4,85 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 446,3-448,1 теңгеге, еуро 482-486 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,87 теңгеге сатылуда.
Ал 4 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,32%-ға арзандап, барреліне $89,06 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,34%-ға төмендеп, барреліне 85,14 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript