8 сәуірдегі саудада доллар арзандады

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 15:45 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,82 теңгеге төмендеп, 445,95 теңгеге жеткенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 61,52 теңге (-0,13) болды.

Ұлттық банк еуроның бағамын 484 теңге, рубльді 4,84 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 445-450 теңгеге, еуро 483-488 теңгеге, ресей рублі 4,7-4,85 теңгеге сатылуда.

Ал 8 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 1,09%-ға арзандап, барреліне 90,18 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 1,08%-ға төмендеп, барреліне 85,97 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: