12 сәуірдегі түскі саудада доллар аздап арзандады
Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,43 теңгеге төмендеп, 447,89 теңгеге жеткенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да арзандап, 61,74 теңгені (-0,13) құрады.
Ұлттық банк еуроның бағамын 481,05 теңге, рубльді 4,79 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 447,9-449,7 теңгеге, еуро 479-483 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,87 теңгеге сатылуда.
Ал 12 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,85%-ға өсіп, барреліне 90,50 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 1,02%-ға қымбаттап, барреліне 85,89 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript