Атбасар ауданының прокурорлары ет өнімдерін сатуға жалған ветеринарлық анықтамалар берудің жолын кесті
Сурет: primeminister.kz
Аудан прокуратурасы Атбасар қаласындағы мал сою пунктінің ветеринариялық зертханасының қызметінде, мал өнімдері мен шикізатына ветеринарлы-санитариялық сараптама жүргізу кезінде талаптардың сақталуы мәселесі бойынша тексеру жүргізді.
Анықталғандай, жергілікті кәсіпкер ветеринария саласындағы қызметке мемлекеттік лицензиясына ие бола, зертханалық зерттеулер жүргізбестен ішкі сауда объектілерінде және басқа жерлерде сатылатын ет шикізатының сәйкестігі туралы ветеринариялық анықтамалар берген.
"Небәрі 3 жыл ішінде кәсіпкермен осындай 850 анықтама берілген, яғни сауда нүктелерінің сөрелеріне ондаған тонна зерттелмеген ауыл шаруашылығы жануарларының еті түсті. Соның салдарынан шектелмеген адамдар қатарының өмірі мен денсаулығына қауіп төнді." Ақмола облысының прокуратурасы
Аталған факт бойынша уәкілетті органдарға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді, қарау нәтижелері бойынша кінәлі тұлға, 6 ай мерзіміне лицензияның қолданылуын тоқтатумен, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, аталған кәсіпкердің алдағы жарты жылда мұндай анықтамаларды беруге құқығы жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript