Құтқарушылар тәулік бойы көмек көрсетуде
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, су тасқынына қарсы іс-шаралар ТЖМ қызметтерімен және Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарындағы атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
27 наурыздан бастап авариялық-құтқару жұмыстарына 523 әскери қызметші, 47 бірлік техника, оның ішінде сегіз тікұшақ және әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды. Әскер авиациясының экипаждары 1325 адамды эвакуациялады, оның 374 – і балалар. Айтарлық, 150 рейспен көлемі 11 500 кг гуманитарлық жүк жеткізілді.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматыдан Орал және Ақтөбе қалаларына ТЖМ 70 құтқарушысы мен салмағы 3 мың кг мүлікті тасымалдау жүзеге асырылды
Құтқару жұмыстарында 420 м нөсер кәрізі тазартылды, 200 тонна құм тасымалданды. Абай облысында бөгетті нығайту үшін Аягөз ауданының Мамырсу ауылына 2400 текше топырақ әкелінді, 540 м үйінді тұрғызылды.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Осы қарқында еліміздің әр аймағында құтқарушылар қызмет етуде.